Нөмірді брондаңыз

Қара Даладағы 4 орынды коттедж

100 000 тг-ден
Коттедж

Қара Даладағы 4 орынды коттедж

Коттедж – әрқайсысы 4 адамға арналған екі нөмірі бар жеке орналасқан үй, әр нөмірдің өз жеке кіреберісі мен күркесі, сондай-ақ жеке мангалы бар. Қосымша төсек орны қарастырылмаған. 3 жасқа дейінгі балалар тегін тұрады.

Нөмір екі бөлмеден, толық жабдықталған ас үйден және кең кіреберіс бөлмесінен тұрады. Әр нөмірде жылы еден, біріктірілген санторап, суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан), спутниктік теледидар, кондиционер, екі орынды және бір орынды төсектер, диван, киім шкафы, төсек жанындағы тумбалар, үстел мен орындықтар, кресло, төсек-орын жабдығы мен сүлгілер, дәретхана қағазы бар.

Төсек-орын жабдығы мен сүлгілер үш күнде бір рет ауыстырылады. Ас үйде: электр плитасы, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, электр шәйнегі, тамақ дайындауға арналған ыдыс жинағы және асхана ыдыстары. Тәпішке мен гигиеналық жинақтар берілмейді. Халат пен фен қосымша ақыға беріледі.

Тұру құнына жеті бассейнге кіру, бассейндер жанындағы күркелер мен душ кабиналарын пайдалану, арнайы бөлінген мангал аймағындағы мангалдар мен қазан-пештерді пайдалану, балалар алаңдары мен Бас корпустағы балалар ойын бұрышына бару, база аумағындағы автокөлік тұрағы кіреді.

Нөмірлерде темекі шегуге рұқсат етілмейді.
Жануарлармен тұруға рұқсат етілмейді.

^Жоғары^