Нөмірді брондаңыз

Тұру

"Қара Дала" демалыс базасы

Біз қонақтарымызға жайлылық деңгейіне қарай үш санаттағы нөмірлерде тұруды ұсынамыз: Стандарт, Жартылай люкс және Люкс. Олар Бас корпуста, таунхауста және коттеджде орналасқан. Барлық бассейндер – жаяу жетер жерде. Барлық нөмірлерде жылы еден, санторап, спутниктік теледидар, кондиционер, тоңазытқыш бар. Төсек-орын жабдығы мен сүлгілер беріледі.

Тұру құнына алты бассейнге кіру, бассейндер жанындағы күркелер мен душ кабиналарын пайдалану, арнайы бөлінген мангал аймағындағы мангалдар мен қазан-пештерді пайдалану, демалыс базасы аумағындағы автокөлік тұрағы кіреді.

Төсек-орын жабдығы мен сүлгілер үш күнде бір рет ауыстырылады. Тәпішке мен гигиеналық жинақтар берілмейді.  Халат пен фен қосымша ақыға беріледі. Электр шәйнегі мен ыдыс жинағын әкімшіден алуға болады.  Микротолқынды пеш пен қайнаған сулы термостат Бас корпустың бірінші қабатындағы асханада орналасқан.

3 жасқа дейінгі балалар тегін тұрады (төсек орны берілмейді).

Нөмірлерде темекі шегуге рұқсат етілмейді.

Жануарлармен тұруға рұқсат етілмейді.

Шонжы ыстық бұлақтарында демалысыңыз жақсы өтсін!

Біздің нөмірлер

37 000 тг-ден
Бас корпус «Стандарт»

Қара Даладағы «Стандарт» нөмірлері

“Стандарт” санатындағы барлық 10 нөмір екі орынды, олар Бас корпустың бірінші қабатында орналасқан.  Қосымша төсек орны қарастырылмаған.

Нөмірде:

  • жылы еден,
  • біріктірілген санторап,
  • суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан),
  • спутниктік теледидар,
  • кондиционер,
  • тоңазытқыш,
  • төсек-орын жабдығы мен сүлгілер,
  • дәретхана қағазы.  

 

47 000 тг-ден
Бас корпус «Жартылай люкс»

Қара Даладағы «Жартылай люкс» нөмірлері

“Жартылай люкс” нөмірлері Бас корпустың бірінші және екінші қабаттарында орналасқан. Бір орынды нөмір – барлығы 1, екі орынды – 4 нөмір, үш орынды – 4 нөмір, төрт орынды – 4 нөмір.

Нөмірде:

  • жылы еден,
  • біріктірілген санторап,
  • суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан),
  • спутниктік теледидар,
  • кондиционер,
  • тоңазытқыш,
  • үстел мен орындықтар,
  • шағын диван,
  • төсек-орын жабдығы мен сүлгілер,
  • дәретхана қағазы.
94 000 тг-ден
Таунхаус «Жартылай люкс»

Қара Даладағы «Жартылай люкс» таунхаусы

Таунхаус – 4, 8 және 10 (екі нөмір) демалушыға арналған төрт нөмірі бар жеке орналасқан ғимарат, әр нөмірдің өз жеке кіреберісі мен жеке күркесі бар. Әр нөмірде қонақ бөлмесі мен жатын бөлме(лер) бар. Қосымша төсек орны қарастырылмаған.

Нөмірде:

  • жылы еден,
  • біріктірілген санторап(тар),
  • суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан).  
  • спутниктік теледидар,
  • кондиционер,
  • тоңазытқыш,
  • үлкен ас үстелі мен орындықтар,
  • диван,
  • төсек-орын жабдығы мен сүлгілер,
  • дәретхана қағазы.
100 000 тг-ден
Коттедж

Қара Даладағы 4 орынды коттедж

Коттедж – әрқайсысы 4 адамға арналған екі нөмірі бар жеке орналасқан үй, әр нөмірдің өз жеке кіреберісі мен күркесі, сондай-ақ жеке мангалы бар. Нөмір екі бөлмеден, толық жабдықталған ас үйден және кең кіреберіс бөлмесінен тұрады. Қосымша төсек орны қарастырылмаған.

Нөмірде:

  • жылы еден,
  • біріктірілген санторап,
  • суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан),
  • спутниктік теледидар,
  • кондиционер,
  • диван,
  • төсек-орын жабдығы мен сүлгілер,
  • дәретхана қағазы.

Ас үйде:

  • электр плитасы,
  • микротолқынды пеш,
  • тоңазытқыш,
  • электр шәйнегі,
  • тамақ дайындауға арналған ыдыс жинағы және асхана ыдыстары.
^Жоғары^