Барлық Қара Дала бассейндеріне, сондай-ақ нөмірлерге термалды су тереңдігі 650 м және 150 м өз артезиан ұңғымаларынан келеді. Бұл – әлсіз минералданған (0,43 г/дм³), әлсіз сілтілі (рН-8,20), күрделі хлоридті-сульфатты-гидрокарбонатты кальций-натрийлі құрамды, қаттылығы оңтайлы, «азотты акротермалар» бальнеологиялық тобына жататын, кремний қышқылының концентрациясы жоғары (33,8 мг/дм³) су. Ауыр металдардың мөлшері ҚР СТ 452-2002 рұқсат етілген мәндерінен аспайды. Бұл су өз құрамы бойынша «Сарыағаш» минералды суына ұқсас – ол Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы №506-Д ұңғымадан алынатын, «Сарыағаш-Барс» емдік-асханалық суларының гидрохимиялық түріне жататын белгілі су (ҚР СТ 452-2002, V түрі).
Термалды немесе геотермалды сулар, немесе термалар – температурасы Цельсий бойынша 20 градустан жоғары жерасты сулары. Жерасты сулары жылуды жер қойнауындағы қоршаған тау жыныстарынан алады. Температурасы 37-42 градус суды нағыз термалды су деп атайды, температурасы одан жоғары болса – ол гипертермалды су, ал су температурасы 20-дан 37 градусқа дейін болса, оны жылы немесе субтермалды су деп атайды. Температура жоғарылаған сайын судың минералдануы артады, натрий, кремний қышқылы, фтор, сульфат-ионы, хлор-ионы және басқа да пайдалы заттардың концентрациясы өседі. Олардың болуы термалды суды бірқатар аурулар кезінде дәрі-дәрмексіз тиімді емдік-профилактикалық құралға айналдырады.
Ашық үлкен бассейн
Ашық үлкен бассейн
Балаларға арналған дөңгелек бассейн
Қалқа астындағы сопақ бассейн
Жабық павильондағы үлкен бассейн
Жабық павильондағы балалар бассейні
Коттедж жанындағы ыстық бассейн
Коттедж жанындағы "балалар бассейні"
Дәрігермен алдын ала кеңесуді ұсынамыз – термалды суға шомылар алдында!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ (Қазақстан, Алматы қ.) медициналық қорытындысына сәйкес, термалды суға шомылу жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің ауруларында, ең алдымен функционалдық, коронарлық және ми қан айналымы бұзылмаған, қан айналымының жеткіліксіздігі I сатыдан аспайтын жағдайларда; тірек-қимыл мүшелерінің ауруларында, сондай-ақ өршу кезеңінен тыс гинекологиялық ауруларда; және зат алмасу ауруларында (подагра, семіздік) пайдалы.
Медициналық қарсы көрсетілімдер де бар, атап айтқанда, жедел сатыдағы және өршу сатысындағы барлық аурулар:
Барынша емдік-сауықтыру әсеріне жету үшін мынадай шомылу режимін ұстануды ұсынамыз: