Нөмірді брондауға болады:
www.karadala.kz сайтында нөмірді өз бетінше тәулік бойы брондауға болады.
Ол үшін қажет:
a) болжамды келу/кету күндерін таңдау
b) ересектер мен балалардың нақты санын көрсету (5 жастан 12 жасқа дейін және 12 жастан жоғары) c) «Нөмір іздеу» батырмасын басу. Жүйе тұру үшін ең тиімді нұсқаны автоматты түрде ұсынады.
1. Егер Сіз таңдаумен келіссеңіз, «Сақтау» батырмасын басыңыз.
2. Егер Сіз ұсынылған нұсқамен келіспесеңіз, «Нұсқаны өзгерту» батырмасын басыңыз, сонда Жүйе бос нөмірлердің толық тізімін көрсетеді.
Иә, асхана бар, тапсырыстар сайттағы мәзір бойынша қабылданады.
Біз «сағаттық негізде тұрусыз шомылу» қызметін ұсынамыз, бірақ бұл қызмет тек жылы мезгілде және демалыс базасы толық толмаған жағдайда ғана қолжетімді. Нақты уақытта «тұрусыз шомылу» мүмкін бе, соны әрдайым Қара Дала Әкімшілігінен нақтылаңыз.
Біздің тарифтер:
1. Ересектер:
2. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар – 300 тг/сағат
Қонақтар үшін есептік сағат:
келу уақыты - сағат 15:00,
кету уақыты - жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12:00.
Бассейндердің жұмыс уақыты: сағат 08.00-24.00;
Мангал аймағы: сағат 09.00-24.00
Дүкен: сағат 09.00-21.00.
Үй асханасының жұмыс уақыты: таңғы ас 8.30-10.30, түскі ас 12.00-15.00, кешкі ас 18.00-21.00.
Кешіріңіз, Қара Далада жануарларды орналастыруға тыйым салынған.
Нөмір құнына мынадай қызметтер кіреді:
Қонақтарға төсек-орын жабдықтары мен сүлгілер, ыдыс-аяқ пен ас құралдары, дәретхана қағазы беріледі.
Нөмірлерді жинау және төсек-орын жабдықтары мен сүлгілерді ауыстыру үш күнде бір рет жүргізіледі.
Қосымша қызметтер қонақтарға жеке ақыға көрсетіледі:
Толық жабдықталған ас үй коттедждегі VIP нөмірлерінде бар.
Таунхаустағы Жартылай люкс санатындағы нөмірлерде микротолқынды пеш және ыдыс-аяқ бар.
Басты корпустағы Стандарт және Жартылай люкс санатындағы нөмірлер үшін асханада ортақ пайдаланылатын микротолқынды пеш бар. Сондай-ақ асханада қайнаған суы бар термопот бар.
Мангал аймағында кәуапқа арналған мангалдар, коктал пеші және қазандар бар. Мангалға арналған көмір сатылмайды. Сексеуілді кесуге қатаң тыйым салынады!
Біздің аспаздар Қара Дала қонақтарының өз өнімдерінен тағам дайындай алады. Бағасы келісім бойынша.
ҚР АК 127-бабына сәйкес Қара Дала қызметтеріне төлем ұлттық валютада – теңгемен, қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы да жүргізіледі.
Төлемге Visa, MasterCard банк карталары қабылданады. Жол чектері төлемге қабылданбайды.
Қара Далада тұру үшін төлемді үш тәсілмен жасауға болады:
Төлем бойынша банк операцияларын жүргізуге арналған деректемелер қонақтарға нөмірді брондау туралы хабарламада хабарланады.
Бірегей брондау коды бар «Тапсырыс туралы ақпарат» қонақ нөмірді таңдағаннан кейін бірден қонаққа жіберіледі.
Брондау кодын төлем кезінде және «Қара Дала» демалыс базасына жіберілетін басқа сұраныстарда міндетті түрде көрсету қажет.
Қара Дала аумағындағы бассейндердің орналасуын интерактивті сызбадан көруге болады.
Үлкен бассейн, балаларға арналған дөңгелек бассейн және қалқа астындағы сопақ бассейн демалыс базасының орталығында бір-біріне жақын орналасқан.
Жабық бассейн Басты корпус пен таунхаустың арасында орналасқан.
Коттедждің жанында екі бассейн бар – ересектерге арналған ең ыстық бассейн және балаларға арналған таяз «бақалық».
Барлық бассейндер тұрғын корпустардан жаяу жетер жерде.
Сұрақ
Нөмірді тағы қалай брондауға болады?Жауап
Өтінімді жіберуге болады:
info@karadala.kz поштасына,
әлеуметтік желілерге:
Біз мүмкіндігінше тезірек жауап береміз