Нөмірді брондаңыз

Қара Даладағы «Жартылай люкс» таунхаусы

94 000 тг-ден
Таунхаус «Жартылай люкс»

Қара Даладағы «Жартылай люкс» таунхаусы

Таунхаус – 4, 8 және 10 (екі нөмір) демалушыға арналған төрт нөмірі бар жеке орналасқан ғимарат, әр нөмірдің өз жеке кіреберісі мен жеке күркесі бар. Қосымша төсек орны қарастырылмаған. 3 жасқа дейінгі балалар тегін тұрады.

Әр нөмірде қонақ бөлмесі мен жатын бөлме(лер) бар. Барлық нөмірлерде жылы еден, біріктірілген санторап(тар), суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан). Спутниктік теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, бір орынды немесе екі орынды төсектер, киім шкаф(тар)ы, үлкен ас үстелі мен орындықтар, диван, төсек жанындағы тумбалар, төсек-орын жабдығы мен сүлгілер, дәретхана қағазы бар.

Төсек-орын жабдығы мен сүлгілер үш күнде бір рет ауыстырылады. Микротолқынды пеш, электр шәйнегі және ыдыс жинағы бар. Тәпішке мен гигиеналық жинақтар берілмейді. Халат пен фен қосымша ақыға беріледі.

Тұру құнына жеті бассейнге кіру, бассейндер жанындағы күркелер мен душ кабиналарын пайдалану, арнайы бөлінген мангал аймағындағы мангалдар мен қазан-пештерді пайдалану, балалар алаңдары мен Бас корпустағы балалар ойын бұрышына бару, база аумағындағы автокөлік тұрағы кіреді.

Нөмірлерде темекі шегуге рұқсат етілмейді.
Жануарлармен тұруға рұқсат етілмейді.

^Жоғары^