Қара Даладағы «Жартылай люкс» нөмірлері
“Жартылай люкс” нөмірлері Бас корпустың бірінші және екінші қабаттарында орналасқан. Бір орынды нөмір – барлығы 1, екі орынды – 4 нөмір, үш орынды – 4 нөмір, төрт орынды – 4 нөмір. 3 жасқа дейінгі балалар тегін тұрады (төсек орны берілмейді).
Әр нөмірде жылы еден, біріктірілген санторап, суық және ыстық су (термалды, өз артезиан ұңғымаларынан) бар. Спутниктік теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, бір орынды немесе екі орынды төсектер, киім шкафы, үстел мен орындықтар, шағын диван, төсек жанындағы тумбалар, төсек-орын жабдығы мен сүлгілер, дәретхана қағазы бар.
Төсек-орын жабдығы мен сүлгілер үш күнде бір рет ауыстырылады. Тәпішке мен гигиеналық жинақтар берілмейді. Халат пен фен қосымша ақыға беріледі.
Ортақ пайдаланылатын микротолқынды пеш пен қайнаған сулы термостат Бас корпустың бірінші қабатындағы асханада орналасқан.
Тұру құнына жеті бассейнге кіру, бассейндер жанындағы күркелер мен душ кабиналарын пайдалану, арнайы бөлінген мангал аймағындағы мангалдар мен қазан-пештерді пайдалану, балалар алаңдары мен Бас корпустағы балалар ойын бұрышына бару, база аумағындағы автокөлік тұрағы кіреді.
Нөмірлерде темекі шегуге рұқсат етілмейді.
Жануарлармен тұруға рұқсат етілмейді.